Сұхбат барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, транспорт және логистика, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастыққа бағытталған Өзбекстан-Иран қатынастарының кең ауқымды бағыттары туралы пікір алысылды.

Екіжақты тауар айналымының көлемін арттыру шарттары мен жағдайлары атап өтілді. Тараптар жақын арада екіжақты сауда көлемін арттыру үшін мүмкіндіктер мен қажетті ресурстардың бар екеніне сенім білдіріп, осыған байланысты нақты іс жүзіндік шараларды жүзеге асыруға өзара дайын екендіктерін айтты.

Тараптардың пікірінше, инвестициялық ынтымақтастық бағытында да зор болашақ бар. Мұны ирандық инвесторлармен ынтымақтастықта жүзеге асыратын жобалардың көбеюіп бара жатқаны, сондай-ақ Иранның іскерлер шеңберінің  Өзбекстан базары мен экономикалық ресурстарына қызығушылығының артқаны да дәлел болады. Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша Өзбекстан-Иран Үкіметаралық комиссиясының алдағы 14-жиналысы аясында бірқатар жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша келісімдерге қол қою жоспарлануда.

Өзбекстан мен Иран кәсіпкерлері арасындағы өнеркәсіптік кооперациясын  тереңдету бойынша міндеттер белгіленді. Агроөнеркәсіп, су ресурстарын басқару, құрылыс материалдарын өндіру, қара металлургия, машинажасау, жеңіл өнеркәсіп және медицина саласы осы реттегі ынтымақтастықтың үстем бағыттары етіп белгіленген. Арнайы экономикалық аймақтар, атап айтқанда, «Чабахар», «Арас» (Иран) және «Науаи» және «Ангрен» (Өзбекстан) ЕЭА (Еркін экономикалық аймақ) арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықтың болашақтары атап өтілді.

Жоғарыда аталған бағыттарда нақты инвестициялық жобаларды дайындау және бекіту, сондай-ақ екі елдің мүдделі кәсіпкерлері арасында жоба бастамашыларын анықтау бойынша бірлесіп жұмыс жүргізу туралы келісімге қол жеткізілді.

Тараптар екі елдің тиісті министрліктері мен кеңселері арасындағы көлік және логистика саласындағы өткізілген екіжақты келіссөздерде қол жеткізген нәтижелерді құптады. Атап айтқанда, Өзбекстан кеңсеаралық делегациясының биылғы жылдың январь айында Иранға жасаған сапары барысында екі елдің аумақтары арқылы көлік дәліздерін дамыту және жүктердің транзитін арттыру бойынша келісімдер жасалып, бірқатар маңызды ынтымақтастық келісімдерге қол қойылды.

Тараптар екі ел мен аймақ елдерін бір-бірінен байланыстыратын жаңа, арзан сауда бағыттарын қалыптастырудың, сондай-ақ әр екі елдің көліктік және транзиттік әлеуетін пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында дәйекті бірлескен жұмысты жалғастырудың маңызы зор екендігі атап өтілді.

Бұдан тыс, келіссөздер күн тәртібінде екі елдің халықаралық ұйымдардағы қатысуы аясында бірге жүзеге асырылатын шаралар, өңірлік қауіпсіздікті, аймақ елдері арасында экономикалық дамуды қамту және транспорттық байланысты нығайту мақсатында ынтымақтастық жасау, сондай-ақ аумақтық маңызы бар біріккен жобаларды жүзеге асырумен байланысты мәселелер енгізілді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.