Кездесу басында Мемлекет басшысы Франция Президентінің кейінгі 30 жылда Өзбекстанға жасаған алғашқы сапарының тарихи маңызы зор екенін атап өтті.
Эммануэль Макрон Мемлекет басшысына сапармен келуге шақырғаны және Франция делегациясына көрсеткен жылы қонақжайлылығы үшін алғыс айтты.
Франция басшысы Жаңа Өзбекстанда жүзеге асырылған артқа қайтпайтын реформалар бағдарламасын толық қолдады.
Көшбасшылар Франция мен Өзбекстан арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін егжей-тегжейлі талқылап, екіжақты қарым-қатынастарды стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеруге келісті.
Кейiнгi жылдарда көп қырлы Өзбекстан - Франция байланыстары барлық бағыттар бойынша қарқынды дамып келе жатқаны атап өттi.
Сауда-саттық пен бірлескен кәсіпорындар санының екі есеге артқаны сөз болды. Ағымдағы және перспективалық жобалардың портфелі 10 миллиард еуродан асты.
Францияның даму агенттігімен 1 миллиард еуролық стратегиялық серіктестік бағдарламасы жүзеге асырылуда.
«Жасыл» энергетика, шикізат ресурстарын өндіру және өңдеу, инновациялық ауыл шаруашылығы, сумен жабдықтау, логистика, инфрақұрылымды дамыту, туризм және басқа да салалардағы жаңа ауқымды жобаларды ілгерілету шаралары талқыланды.
Франция Өзбекстанның Орталық Азиядағы сенімді нығайтуға бағытталған күш-жігерін, сондай-ақ республиканың ДСҰ-ға мүше болуын және Еуропалық Одақпен кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюын қолдауға дайын екендігі атап өтілді.
Саяси диалогты жалғастырудың, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың, туындайтын қауіптер мен тәуекелдерге тиімді күресудің маңыздылығы айтылды.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың күн тәртібінің бай екендігі қуанышпен атап өтілді. Өзбекстанда француз тілін үйренуге қызығушылық артып жатқаны айтылды. Осы орайда тараптар Самарқандта Франция альянсы филиалының ашылуын құптады.
Ташкент қаласында Өзбекстан - Франция жоғары оқу орнын ашуды тездетіп, француз тілі мұғалімдерін даярлаудағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісілді.
Мемлекет басшылары халықаралық және өңірлік маңызы бар өзекті мәселелер бойынша да пікір алмасты.