Лувр - әлемдегі ең үлкен әрі ең көп баратын мұражайлардың бірі және өнер туындыларының ең үлкен құнды коллекциясына ие. Мұнда жыл сайын шамамен 10 миллион турист келеді.
Халқымыздың бай мәдени мұрасына арналған «Өзбекстан оазистерінің кереметтері». «Керуен жолдарының тоғысында» көрмесі Өзбекстан Республикасы Президентінің 2018 жылдың қазан айында Францияға сапары барысында қол жеткізілген келісімдерге сәйкес ұйымдастырылды. Сол кезде Мемлекет басшысы Өзбекстан, Франция музейлерімен бірлесіп көрмелер ұйымдастырып, екі ел арасындағы ғылыми-мәдени байланыстарды кеңейту қажеттігін айтқан болатын. Өзбекстанның Мәдениет және өнерді дамыту қоры мен Лувр мұражайы арасында тиісті меморандумға қол қойылды.
Соңғы үш жылда көрмелерге тыңғылықты дайындық жүргізілді. Өзбекстан мен Францияның бірнеше бірлескен экспедициялары ұйымдастырылып, көптеген археологиялық олжалар ашылды. Сонымен қатар, Лувр реставраторлары мен Өзбекстан мамандары бірнеше кезеңнен тұратын ауқымды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.
Осы жұмыстардың нәтижесінде Луврдың Ришелье залы және Ислам бөлімінде хронологиялық тәртіпте орналасқан бес бөлімнен тұратын үлкен көрме алаңы жасалды. Олар «Оазис мемлекеттері мен патшалықтар дәуірі: Жібек жолындағы мәдениеттердің байланысы», «Орта ғасырлар және өнердің гүлденуі», «Орталық Азиядағы исламның таралуы, мәдениет пен ғылымдағы қайта өрлеу дәуірі», «Ибн Синадан Шыңғысхан дейін», «Ұлы империялар дәуірі: Тимуридтер және Шайбаниттер».
Ел тарихының 1500 жылдан астам дәуірін қамтитын көрме Өзбекстанның 16 мұражайынан алынған 138 бірегей экспонаттардан тұрады, оның ішінде көрмеге арнайы қалпына келтірілген 70 жәдігер бар. Сондай-ақ көрмеге Франция, Ұлыбритания және АҚШ-тың ірі мұражайларынан 31 экспонат қойылды.
Көрменің алғашқы қонағы болған Өзбекстан мен Франция басшылары Далварзинтөбе және Холшаян ескерткіштерінен табылған жәдігерлер, Варахшадағы қызыл түсті бөлмеден қабырға суреті, Кафирқаладан қашалған панно, Катта Лангар Құран беттері, Әмір Темір кесенесінің қос есігі, Афросиябтан келген елшілер бейнеленген қабырға суреті және басқа да жәдігерлермен танысты. Олардың жасалуы мен ашылуы, олармен байланысты тарихи кезеңдерімен тұлғалар туралы толық мағлұмат берілді.
Мемлекет басшылары көрменің жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қайталанбас өзіне тән ерекшелік туғызғанын атап өтіп, екі елдің мәдени өмірінде маңызды орын алатын бұл шараны дайындауға атсалысқандарға алғыстарын білдірді.
Луврдағы көрме Өзбекстан мен Франция халықтары ғана емес, бүкіл Еуропа мен Орталық Азия елдері арасындағы ежелден қалыптасқан тарихи байланыстарды, достық пен өзара түсіністікті одан әрі нығайтуға қызмет ететіні атап өтілді.
Көрме 2023 жылдың 6 наурызына дейін жалғасады.