Кездесу басында Мемлекет басшысы Федералдық Президентке Германияға шақырғаны және жылы қабылдауы үшін алғыс айтты.
Президенттер Өзбекстан мен Германия арасындағы көп қырлы ынтымақтастық бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті. Белсенді саяси, гуманитарлық және іскерлік диалогтар жалғасуда. Тараптар беделді халықаралық институттар, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында бір-біріне қолдау көрсетіп келеді.
Екіжақты қарым-қатынастарды жоғары деңгейге шығарудың маңыздылығы туралы бірауыздан пікір айтылды.
Президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін қарастырды, практикалық ынтымақтастықтың басым бағыттарын белгіледі.
Атап айтқанда, кейінгі жылдары сауда-саттық пен бірлескен жобалардың саны екі есеге артты. Өзбекстан экономиксына Германия инвестициясы 5,5 миллиард еуроны құрайды, оның 4 миллиард еуросы соңғы бірнеше жылда тартылған.
Президенттер жалпы құны 9 миллиард еуродан асатын сауда келісімдері мен инвестициялық-технологиялық келісімдерге қол қоюмен аяқталған іскерлік шараның нәтижелерін құптады.
Берлинде Өзбекстанның Орталық Азия аймағында тұрақтылық пен гүлденуді қамтамасыз етудегі күш-жігері жоғары бағаланады.
Осы тұрғыда Германияның аймақтағы өзара байланыс жобаларына, соның ішінде Еуропалық Одақтың «Жаһандық қақпа» бастамасы аясындағы қолдау көрсетуге дайын екендігі айтылды.
Тараптар аймақтағы, оның ішінде Ауғанстандағы жағдайды ескере отырып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заманауи қауіп-қатерлерге қарсы тұру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екендіктерін білдірді.
Шекаралас Термиз қаласында жасалған заманауи инфрақұрылым мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ауған халқына атаулы гуманитарлық көмек көрсетудің маңыздылығы атап өтілді.
Мәдени-гуманитарлық алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Басшылар Берлин қаласында Өзбекстанның тарихи-мәдени мұрасына арналған бірегей көрменің ашылып жатқанын құптады.
Өзбекстанда неміс тілін үйренудің кешенді бағдарламасын дайындау, оның ішінде республика аймақтарында Гете институтының қызметін кеңейту туралы келісімге қол жеткізілді.
Кездесу соңында Шавкат Мирзиёев Франк-Вальтер Штайнмайерді Өзбекстанға келуге шақырды.