Сұхбат басында Мемлекет басшысы Премьер-Министрді және бауырлас Үндістан халқын елдің Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтап, бейбітшілік пен тыныштық, өркендеу және береке тіледі.
Өзбекстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, практикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқаны, түрлі деңгейлерде белсенді әрі нәтижелі байланыстар жалғасып отырғаны атап өтілді.
Биыл жыл басынан бері екі ел арасындағы тауар айналымы 60 пайызға өсті, шамамен 40 жаңа бірлескен кәсіпорын мен кооперация жобасы іске қосылды. Үндістанның жетекші компанияларымен жүзеге асырылып жатқан перспективалы жобалардың қазіргі портфелі 2 миллиард долларға жетті. Өзбекстанда Үндістан университеттерінің төрт филиалы табысты қызмет атқаруда.
Көшбасшылар фармацевтика және химия өнеркәсібі, цифрлық экономика, энергетика, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, туризм және басқа да салалардағы кооперация жобаларын ілгерілету мен жүзеге асыруға ерекше назар аударды.
«Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізі аясында тиімді көлік-транзит бағыттарын дамыту мәселелері қаралды.
Үкіметаралық комиссияның келесі отырысын Ташкент қаласында нәтижелі өткізу маңызды екені айтылды. Сондай-ақ мәдениет және кино күндерін өзара ұйымдастыру, өңірлер деңгейінде алмасуларды жандандыру ұсынылды.
Өзбекстан Президенті мен Үндістан Премьер-Министрі өңірлік күн тәртібі бойынша да пікір алмасып, алдағы жоғары деңгейдегі іс-шаралар жоспарын талқылады.









