Кездесу барысында екі ел соңғы бірнеше жылда ауыл шаруашылығы саласындағы сауданы әртараптандыруда табысқа жеткені, әлі де пайдаланылмай жатқан мүмкіндіктер бар екені айтылды.

Тараптар екі елдің базарына жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өнімдерінің өзара кіруі үшін қосымша қолайлы жағдайлар жасау арқылы тауар айналымының көлемін ұлғайту қажеттігі туралы ортақ пікірге келді. Өзбекстан банан, манго, соя және күріш сияқты 6 түрлі үнді өнімін импорттауға фитосанитарлық рұқсатын берді. Өз кезегінде Үндістан тарапы Өзбекстанның жүзім, анар, алма, құрма, бұрыш, қызанақ, бадам және қарбыз сияқты агроөнеркәсіптік өнімдеріне рұқсат беру мүмкіндігін қарастыруда.

Келіссөздер барысында кейбір ауыл шаруашылығы компанияларының инвестициялық жоспарларына қатысты мәселелер талқыланды. Мәселен, қазіргі таңда Үндістанның Indo Organics компаниясы тікелей инвестиция есебінен Наманган облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеуді қолға алмақшы. Осындай технологиялық жобаларды жүзеге асыруда іс жүзіндік көмек көрсетуге өзара дайын екендіктері айтылды.

Кездесу соңында тараптар жаңа жоғары табысты жобаларды әзірлеу және қол жеткізілген барлық келісімдерді жүзеге асыру мақсатында ынтымақтастықты кеңейтуді жалғастыруға ниетті екендіктерін білдірді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.