Жалпы, сапар аясында 15 екіжақты құжатқа қол қойылды, соның ішінде:
- Экстрадиция туралы келісім;
- Инвестицияларды өзара қолдау және қорғау туралы келісім;
- Бірлескен комиссия құру туралы келісім;
- Виза талаптарын жою туралы келісім;
- Жоғары білім және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Әуе қатынасы жөніндегі үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама;
- Тауарлар мен көлік құралдарының қозғалысы туралы бастапқы ақпаратпен онлайн алмасу жөніндегі хаттама;
- Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Өсімдіктер карантині және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы меморандум;
- Дін істері бойынша өзара түсіністік туралы ведомствоаралық меморандумдар;
- Иордания Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейннің мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.









