Мемлекет басшылары келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасады.

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух жоғары деңгейдегі келіссөздердің қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасады.

    Көшбасшылар ашық және іскерлік жағдайында өткен диалогтың тиімді нәтижелеріне көңілден шыққанын, практикалық ынтымақтастықтың барлық негізгі бағыттары жан-жақты қарастырылғанын атап өтті.

    Мемлекет басшысы Моңғолия Президентінің екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы алғашқы сапары Өзбекстан-Моңғолия достығын нығайтуға және көпжақты ынтымақтастықты дамытуға деген өзара ұмтылыстың дәлелі екенін атап өтті.

    – Моңғолия біз үшін Азия аймағындағы дәстүрлі әрі сенімді серіктес. Өзбекстан-Моңғолия қарым-қатынасы достық, өзара құрмет пен қолдау қағидаттарына негізделген және коньюнктураға тәуелді емес, - деді Өзбекстан Президенті.

    Мемлекет басшыларының Самарқанд пен Дубайдағы кездесулерінен кейін барлық деңгейдегі қарым-қатынастар жандана түсті. Жүйелі саяси диалог жолға қойылды. Бүгін Ташкентте Моңғолия елшілігі ресми түрде ашылады.

    Сондай-ақ, тауар айналымының көлемі тұрақты өсіп, жетекші компаниялар мен кәсіпорындар арасында кооперациялық байланыстар орнатылуда. Бүгінгі келіссөздер барысында істің жай-күйі жан-жақты сараланып, басым бағыттар айқындалып, ауқымды ынтымақтастықтың жаңа күн тәртібі келісілді.

    Тараптар өңірлік және халықаралық құрылымдар, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және басқа ұйымдар шеңберінде тығыз диалог пен өзара қолдауды жалғастыруға келісті.

    Сауда-экономикалық және өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге ерекше назар аударылды.

    Кейініг жылдары ең алдымен сұранысы жоғары өнім номенклатурасы мен көлемін кеңейту есебінен тауар айналымын арттыру міндеті қойылды. Биыл екі елдің астаналарында сауда үйлерін ашу, өндірістік көрмелер өткізу жоспарланған.

    Сонымен қатар, сарапшылар тобының аясында Жеңілдетілген сауда келісімінің жобасы және жеткізілетін тауарлардың тізімі, сондай-ақ нарықтарға қолжетімділікті жеңілдету бойынша ұсыныстар дайындалады.

    Екі мемлекет бірін-бірі тиімді толықтыра алатын салалардағы өнеркәсіптік кооперацияның нақты бағыттары айқындалды.

    Пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу, Қарақалпақстан, Наманган облысында және басқа облыстарда мал шаруашылығы кешендерін, ет өңдеу кластерін ұйымдастыру, жеңіл өнеркәсіпте жүн мен теріні терең өңдеу, сонымен қатар фармацевтика, денсаулық сақтау және басқа да көптеген салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыру солар қатарында.

    Өнеркәсіптік кооперацияны қолдау мақсатында өзара инвестицияларды қорғау және салық салу принциптері туралы негізгі келісімдер дайындалып, қабылданады.

    Мемлекет басшыларының бүгін өтуі жоспарланған екі елдің іскер топ өкілдерімен кездесуінде бизнес-жоспарлар мен идеялар жан-жақты талқыланады.

    Келіссөздер барысында тиімді көлік дәліздерін дамыту және жүк тасымалдаушыларға қолайлы жағдай жасау мәселелері де талқыланды.

    Бұған әуе және автокөлік байланысы туралы қол қойылған келісімдер қызмет етеді. Астаналар арасында тікелей әуе қатынасын орнату мәселесі пысықталатын болады.

    Барлық экономикалық мәселелерді тиімді шешу және жобаларды жеделдету үшін жақын арада Ташкентте Премьер-Министрлердің орынбасарларының төрағалығымен Үкіметаралық комиссияның отырысы және Іскерлік кеңестің құрылтай отырысы өтеді.

    Мәдениет, өнер, білім, туризм, жастар және спорт салаларында белсенді алмасулар орнатуға келісілді.

    Осыған орай арнайы ынтымақтастық бағдарламасы дайындалып, келесі жылы Ташкент пен Ұлан-Батор қалаларында өзара Мәдениет күндері өтеді.

    Мемлекет басшысы Өзбекстанның жетекші жоғары оқу орындарында моңғолиялық студенттердің оқуын қалпына келтіруді ұсынғанын мәлімдеді.

    Сондай-ақ, елдер жекпе-жек өнерінің дәстүрлі түрлерін танымал ету, қазіргі визасыз режимде туристер ағынын арттыру, климаттың өзгеруіне қарсы тұру бойынша ынтымақтастық жасайды.

    Келісімдерді жүзеге асыру мақсатында екі елдің үкіметтеріне кешенді «жол картасын» дайындап, оның уақытылы орындалуын қадағалау тапсырылды.

    – Моңғолия Президентінің Өзбекстанға алғашқы мемлекеттік сапары тарихи болды және көпжақты ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастады. Біз көп ұзамай бірлескен үлкен жұмысымыздың алғашқы практикалық нәтижелерін көреміз деп сенемін, – деді Өзбекстан Президенті сөзінің соңында.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates