Көшбасшылардың қатысуымен көпжақты ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған 11 мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық құжат алмасу рәсімі өтті. Олардың қатарында құқықтық мәселелер, өнеркәсіптік меншік және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдер бар.
Сонымен қатар Өзбекстан Республикасы Мәдени мұра агенттігі мен Италия сауда агенттігінің реставрация саласында, Өзбекстанның Мәдениет және өнерді дамыту қоры мен Италия Республикасының Мәдениет министрлігі арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдар, сыртқы істер министрліктері арасында 2023-2024 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын мен 2026 жылға дейінгі мәдени алмасу бағдарламасы қабылданды.