Шавкат Мирзиёев пен Серджо Маттарелла келіссөздер жүргізді

    Билік 8 Iyun 2023 3858

    8 маусым күні Рим қаласындағы Квиринал сарайында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Италия Республикасының Президенті Серджо Маттарелла келіссөздер жүргізді.

    Мемлекет басшысы сапармен келуге шақырғаны және жылы лебізі үшін ризашылығын білдіріп, Президент Серджо Маттарелла мен Италия халқын күні кеше өткен ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтады.

    Италия Президенті Жаңа Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан артқа қайтпайтын реформаларды қолдайтынын айтып, елдің Орталық Азиядағы тұрақтылық пен гүлденуді қамтамасыз етудегі күш-жігерін жоғары бағалады.

    Мемлекет басшылары экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

    Кейінгі жылдары тауар айырбастау мен бірлескен кәсіпорындардың саны екі есе өсті. Өзбекстанда Pietro Fiorentini, Terra-nova, Danieli, Imagro, Ansaldo, Saipem сынды жетекші компаниялар табысты жұмыс істеуде.

    Президенттер күні кешегі бизнес-форумның нәтижелерін жоғары бағалады. Оның соңында жалпы құны 9 миллиард еуродан асатын бірқатар келісім-шарттарға қол қойылды.

    Гуманитарлық қатынастарды дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Өзбекстан мен Италияның мәдени-тарихи мұрасына арналған көрме ұйымдастыру туралы келісілді.

    Сонымен қатар, білім беру, археология, экологиялық қатерлерге қарсы күрес салаларындағы ынтымақтастықтың келешегі сөз болды.

    Ташкентте Турин және Пиза университеттерінің филиалдары табысты жұмыс істеуде. Өзбекстан Венециядағы халықаралық биенналеге үш жыл қатарынан қатысып келеді.

    Жыл басынан бері Өзбекстанға келетін итальяндық туристер саны 5 есеге артты. Биыл сәуір айынан бастап Ташкент пен Милан арасында тікелей әуе қатынасы туристер ағынын арттыруға қызмет етуде.

    Мемлекет басшылары өңірлік және халықаралық маңызы бар мәселелер, бірінші кезекте Ауғанстандағы жағдай бойынша пікір алмасты. Ауғанстан халқына мақсатты гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастырудың және арнайы өкілдердің тұрақты консультацияларын өткізудің маңыздылығы атап өтілді.

    Кездесу соңында Шавкат Мирзиёев Серджо Маттарелланы Өзбекстанға ресми сапармен келуге шақырды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates