Өзбекстан мен Оңтүстік Кореяның авиациялық әкімшіліктері арасында өзара Түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

    Бұрын хабарланғандай, екі ел авиация әкімшіліктері арасында Сеул қаласында өткен келіссөздер нәтижесіне орай тараптар арасында өзара Түсіністік туралы меморандумына қол қойылды және төмендегі келісімдерге қол жеткізілді.

    Екі ел арасында бекітілген авиакомпаниялар саны бойынша шектеулер алып тасталды;

    Өзбекстан мен Корея арасындағы тұрақты рейстер санын әр бір тараптың авиакомпаниялары үшін аптасына 10-нан 24-ке дейін арттыру құқығы берілді;

    Бұл өз орнында елімізде шетелдік саяхатшыларды Өзбекстанға тарту бойынша мемлекет деңгейіндежүргізіліп жатқан саясат шеңберінде екі мемлекет арасында әрбір жақ авиацияларына аптасына 24-тен, екі елдің арасында жалпы 48 әуе қатынауды жүзеге асыру мүмкіндігін береді.

    Бұл ретте, әр екі мемлекет тағайындаған авиакомпанияларға әр жақтан Ташкент және Сеул қалалары арасында аптасына 12-ге дейін, Кореяның аумақтық облыстарынан Ташкент қаласына аптасына 4-ке дейін;

    Өзбекстанның аумақтық облыстарынан Сеулге аптасына 4-ке дейін, Өзбекстан мен Кореяның аумақтық облыстары арасында аптасына 4-ке дейін тұрақты рейсті орындау құқығы берілді;

    Сондай-ақ екі тараптың әуе компаниялары үшін Оңтүстік Кореяның «Жежу» және Өзбекстанның «Самарқанд» халықаралық әуежайларында жарияланған арнайы «Ашық аспан» режимін екіжақты пайдалану туралы келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі.

    Бұл келісімдер екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға, жолаушы, жүк және тауар айналымының көлемін арттыруға және Өзбекстанның тарихи қалаларына кореялық туристерді тартуға қызмет етеді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates