Мемлекет басшысы Әзербайжан көшбасшысының елдің тәуелсіздігін нығайтудағы, оны біріктірудегі, тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі және халықаралық беделін арттырудағы тарихи рөлін айрықша атап өтті.
Жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру аясында Өзбекстан -Әзербайжан достық және одақтастық қарым-қатынастарын одан әрі кеңейту мен нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды.
Биыл Экономикалық ынтымақтастық жылында жүргізілген бірлескен жұмыстың жемісті болғаны атап өтілді.
Барлық деңгейлерде тиімді диалогтар мен алмасулар жалғасып жатыр. Өзара сауда қарқынды дамып келеді, ал «жол картасына» негізделген 20 басым жоба белсенді кезеңге өтті.
Іс-шараларға бай мәдени-гуманитарлық алмасу бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Өзбекстан мен Әзербайжан көшбасшылары халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша да пікір алмасып, болашақ іс-шаралар жоспарын қарастырды.