Өзбекстан мен Әзірбайжан басшылары өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады

    Билік 24 Dekabr 2022 3933

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 24 желтоқсанда Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.

    Сұхбат басында Мемлекет басшысы Әзербайжан басшысын туған күнімен шын жүректен құттықтап, оған зор денсаулық, бақыт және жаңа жеңістер, ал бауырлас Әзірбайжан халқына бейбітшілік пен гүлдену тіледі.

    Жоғары деңгейдегі диалогтың арқасында Өзбекстан-Әзірбайжан стратегиялық серіктестігі мен көпжақты ынтымақтастық қарым-қатынастары барлық бағыттар бойынша қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді.

    Атап айтқанда, жыл басынан бері тауар айналымы 50 пайызға артқан. Әртүрлі салаларда, соның ішінде энергетика, автокөлік өндірісін кеңейту, мақта-тоқыма және жібек өнеркәсібінің кластерлерін құру, құрылыс материалдары мен басқа да өнімдерді өндіру бойынша ынтымақтастық жобалары жүзеге асырылуда.

    Келешегі зор жобаларды қолдау үшін бірлескен инвестициялық қор құрылуда.

    Мемлекет басшылары тікелей сауда келісімдері мен ұзақ мерзімді инвестициялық келісімдер портфелін кеңейтудің маңыздылығын айтылды.

    Сұхбат барынсында, осы күндері Өзбекстан Республикасының делегациясы ынтымақтастық жобаларын жүзеге асыруды жеделдету шараларын келісу үшін Баку қаласында сапармен жүргені атап өтілді.