Өзбекстан мен Пәкістан басшылары екіжақты стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылады

    Билік 8 Noyabr 2023 2471

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Экономикалық ынтымақтастық ұйымы саммиті аясында Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-министрі Анвар ул-Хак Какар бастаған делегациямен келіссөздер жүргізді.

    Екіжақты ынтымақтастықты, ең алдымен, сауда-экономика, инвестиция және көлік-коммуникация салаларында одан әрі нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды.

    Түрлі деңгейде белсенді диалог жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Жыл басынан бері өзара сауда мен жүк тасымалының көлемі 40 пайызға артты. Тоқыма, химия, фармацевтика және басқа да салаларда ынтымақтастық жобалары жүзеге асырылуда. Жиырма бірлескен кәсіпорын құрылды.

    2024-2025 жылдарға арналған Өнеркәсіптік кооперация бағдарламасын жедел қабылдаудың, сауда кедергілерін жоюдың және іскерлік қарым-қатынастарды дамыту үшін қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығы сөз болды.

    Трансауған теміржол құрылысы жобасын жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

    Сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасылды.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates