Сұхбатта биылғы ақпанда Пәкістан Премьер-Министрінің Өзбекстанға жасаған тарихи сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды «жол картасына» сай жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Министрліктер, ведомстволар мен салалар деңгейіндегі қарым-қатынастың жанданғаны, өзара алмасулардың нәтижелі жүріп жатқаны ерекше атап өтілді.
Наурыз айында Исламабад қаласында Өзбекстан азық-түлік өнімдерінің көрмесі табысты өтті. Сәуірден бастап Лахорға қосымша әуе рейстері ашылатыны жоспарланған.
Бірлескен жобалардың орындалуын қарау және оларды жеделдету мақсатында Үкіметаралық комиссияның алдағы отырысын биыл өткізу қажеттігі айтылды.
Өзбекстан мен Пәкістан басшылары өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша да пікір алмасты.