Өзбекстан Президенті Пәкістан Премьер-Министрімен телефон арқылы сөйлесті

    Билік 25 Noyabr 2021 3058

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 25 қарашада Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Имран Ханмен телефон арқылы сөйлесті.

    Мемлекет басшысы Премьер-Министр Имран Ханды туған күнімен шын жүректен құттықтап, оған зор денсаулық, бақ-береке және зор табыс, ал дос Пәкістан халқына бейбітшілік пен гүлдену тіледі.

    Сұхбат барысында тараптар жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы мен елдер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.

    Келіссөздер жанданып, екіжақты сауда айтарлықтай артып, бизнесмендер арасындағы ынтымақтастық нығая түскені атап өтілді. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, фармацевтика және химия өнеркәсібі, тоқыма және құрылыс материалдары және басқа да салалардағы инвестициялық жобаларды ілгерілетуге ерекше назар аударылды.

    Әңгімелесу барысында тараптар өңірдегі ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру барысын талқылап, алдағы кездесулердің жоспарлары сөз етті.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates