Өзбекстан мен Польша арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды

    Ағымдағы жылдың 6 майында Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева Польша Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Михал Каминскимен кездесті.

    Әңгімелесу барысында Өзбекстан-Польша қарым-қатынастарының жай-күйі мен оны дамыту болашақтары, соның ішінде парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту, оны жаңа мазмұнмен байыту, заң шығармашылығы және парламенттік бақылау саласындағы өзара тәжірибе алмасуды жандандыру мәселелері талқыланды.

    Кездесу барысында Өзбекстан-Польша арасындағы парламентаралық диалогты дәйекті дамып келе жатқаны ризашылықпен айтылды. Екі елдің заң шығару органдары арасында үстем бағыттарда ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуде екіжақ та мүдделі екенін айтылды. Парламенттердегі достық топтарының қызметіне, сондай-ақ, екіжақты қарым-қатынастарды нығайтудың маңызды құралы ретінде парламент делегацияларының тұрақты іссапарлар алмасуына ерекше назар аударылды.

    Сондай-ақ, жоғары білім, мәдениет, туризм, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы сияқты салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың берік негіздерін қалыптастыру жөнінде пікір алмасылды. Тараптар студенттер арасында тәжірибе алмасу, мамандардың біліктілігін арттыру, сонымен қатар екі ел арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

    Кездесу нәтижесінде парламентаралық байланыстарды тұрақты түрде жалғастыруға келісілді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    June 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates