Президенттер саяси диалогты дамыту, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, мәдени-гуманитарлық алмасу бағдарламаларын ілгерілету, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясында тиімді серіктестікті жалғастыруды қоса алғанда, екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.
Мемлекет басшылары әңгімелесу барысында Ауғанстандағы жағдайды ескере отырып, аймақтың қазіргі жағдайы туралы пікір алмасты.
Польша Президенті Ауғанстаннан өз азаматтарын Өзбекстан арқылы Польшаға эвакуациялау бойынша гуманитарлық операцияларды жүргізуге көрсетілген жан-жақты көмек үшін шынайы ризашылығын білдірді.
Ауған мәселесін бейбіт жолмен шешу үшін тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға қол жеткізілді.