Өзбекстан мен Қырғызстан Қазақстанға 2 миллиард текше метрден астам су жеткізді

    Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамроев елімізге іссапармен келген Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовпен кездесті.

    «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, тараптар екі елдің ирригациялық жүйелерін жаңғырту мәселесін талқылап, вегетациялық кезеңге дейін бірлесіп жөндеу жұмыстарын жүргізуге келісті.

    "10 январь жағдайына орай, Қырғызстан мен Өзбекстан тарапынан жіберген 2 миллиард текше метрден астам су Шардара су қоймасына түскен. Өз кезегінде, бұл су Қазақстанның Солтүстік Арол көлдері мен Қызылорда облысының көлдеріне түсті", - деп жазды агенттік.

    Айтылуынша, Қазақстан делегациясының өкілдері Өзбекстан жағына осы елдің мемлекеттік органдарымен келісілген суды бөлу туралы келісім жобасын тапсырған.