Қазақстан мен Өзбекстан күзгі-қысқы маусымда Қырғызстанды электр қуатымен қамтамасыз етеді

    Алматы қаласында өткен кездесуде Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан энергетика және су шаруашылығы министрлерінің жиналысында су-энергетика саласындағы ынтымақтастық параметрлері мен өзара қолдап-қуаттау туралы келісімге қол жеткізілді.

    Бұл туралы Өзбекстанның Энергетика министрлігі хабарлады.

    Алматы қаласы, 2025 жылғы 22 ноябрь – Алматы қаласында Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан энергетика және су ресурстары министрлерінің кездесуі өтті.

    Келіссөзге Өзбекстан Республикасының Энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов, Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев, Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нуржігітов, Қырғызстан Республикасының Энергетика министрі Таалайбек Ибраев және Қырғызстан Республикасының Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрінің орынбасары Алмаз Женалиев қатысты.

    Тараптар су-энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың параметрлері туралы келісіп алды. Тоқтағұл су қоймасындағы күрделі жағдайды ескере отырып, жиынға қатысушылар бір-біріне электр қолдап-қуаттап, жылыту маусымын сәтті өткізу және алдағы вегтация маусымына дайындық көруде біресіп іс-әрекеттерді үйлестіруге шешім қабылдады.

    Қазақстан мен Өзбекстан күзгі-қысқы маусымда Қырғызстанға электр энергиясын жеткізуге дайын екендіктерін растады. Бұл Қырғызстан тарапына қыс мезгілінде электр энергиясын өндіру көлемін азайтып, Тоқтағұл су қоймасына су жинауға мүмкіндік береді. Жиналған көлем вегетациялық кезеңде оңтүстік өңірлердің ауыл шаруашылығы егіндерін тұрақты суаруды қамтамасыз ету үшін Қазақстан мен Өзбекстанға бағытталады.

    Сонымен қатар, өңірде тұтынуды азайту және энергияны үнемдеу бойынша бірлескен шаралар қабылдау туралы келісімге қол жеткізілді.

    Келіссөздер қатысушылары ынтымақтастықтағы істер тату көршілік рухында жүргізіліп жатқанын және бүкіл Орталық Азиядағы энергетикалық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталғанын атап өтті.Сонымен тқатар Өзбекстан тарапы транзит, жеткізіп бер мен энергия жүйесін тепе-тең етуге техникалық шарттарды қамтамасыз етуге дайын екенін растады.

    Жиналыс соңында 2026 жылғы вегетациялық кезеңге қысқы электр энергияны жеткізіп беруге және суды сақтау көлемдерін заңды түрде қамтамасыз ететін үшжақты хаттамаға қол қойылды.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates