«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, тараптар екі елдің ирригациялық жүйелерін жаңғырту мәселесін талқылап, вегетациялық кезеңге дейін бірлесіп жөндеу жұмыстарын жүргізуге келісті.

"10 январь жағдайына орай, Қырғызстан мен Өзбекстан тарапынан  жіберген 2 миллиард текше метрден астам су Шардара су қоймасына түскен. Өз кезегінде, бұл су Қазақстанның Солтүстік Арол көлдері мен Қызылорда облысының көлдеріне түсті", - деп жазды агенттік.

Айтылуынша, Қазақстан делегациясының өкілдері Өзбекстан жағына осы елдің мемлекеттік органдарымен келісілген суды бөлу туралы келісім жобасын тапсырған.