Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

    Үстіміздегі жылдың 29 декабрінде үкіметтік делегацияның іссапары аясында Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі Жамшид Ходжаев Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайыловпен келіссөздер жүргізді.

    Диалог барысында басты назар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында Өзбекстанға жасаған сапарының қорытындысы бойынша екі Мемлекет басшылары берген тапсырмалардың орындалуына аударылды.

    Әлихан Смайылов сапар нәтижесінде екіжақты ынтымақтастықтың барлық басым бағыттары бойынша ірі келісімдерге қол жеткізілгенін атап өтті. Оларды жүзеге асыру барысы арнайы әзірленген «Жол картасында» жан-жақты баяндалып, республикалар арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға серпін беруде.

    Тараптар өзара сауда қатынастарын дамытудағы оң динамикаға, екі елдің іскер топтарының өзара ынтымақтастығы белсенді түрде тереңдей түсуіне тоқталды. Осы ретте жаңа бірлескен жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру бойынша бастамаларды үкімет деңгейінде қолдаудың маңыздылығы атап өтілді.

    Диалог барысында екіжақты ынтымақтастықтың түрлі өзекті мәселелері де талқыланды. Өзбекстан тарапы ел үкіметінің өзара мүдделі ынтымақтастығының үстем бағыттары бойынша ортақ мақсаттар мен нәтижелерге қол жеткізу үшін Қазақстан үкіметімен тығыз ынтымақтастықта тиімді жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.

    Кездесу соңында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі екі ел Президенттерінің 2022 жылғы 21-22 декабрь күндері өткен келіссөздерінің қорытындылары бойынша қол жеткізілген келісімдерді іске асыру туралы «Жол картасына» қол қойды. Бұл құжатқа Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі қол қояды, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates