Өзбекстан мен Қазақстан Президенттері практикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

    Билік 6 Sentabr 2022 5001

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті.

    Сұхбат басында Өзбекстан басшысы Қазақстан басшысына Қостанай облысындағы орман өртіне байланысты қолқанат сөздерін айтып, төтенше жағдайдың салдарын жоюға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.

    Екі ел Президенттері Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тату көршіліктің өзекті мәселелерін, стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту, екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша практикалық әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылады.

    Сауда, өнеркәсіп, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа да салаларындағы ынтымақтастық жобаларын жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

    Аймақтық мәселелер бойынша да пікір алмасылды. Осы айда Самарқандта өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібі талқыланды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates