Өзбекстан мен Қазақстан Президенттері екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады

    Билік 5 Aprel 2022 4103

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 5 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті.

    Мемлекет басшылары бір-бірін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтап, бауырлас Өзбекстан мен Қазақстан халықтарына амандық пен гүлдену тіледі.

    Сқхбат барысында, Жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

    Өзара тауар айналымын арттыруға, өнеркәсіптік кооперация бойынша бірлескен жобаларды ілгерілетуге, мәдени-гуманитарлық бағдарламалар аясында белсенді алмасуларды жалғастыруға ерекше назар аударылды.

    Сондай-ақ өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, оның ішінде ағымдағы жылдың қыркүйек айында Өзбекстанда өтетін ШЫҰ саммитіне дайындық барысы жөнінде пікір алмасылды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates