Өзбекстан мен Қазақстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті

    Билік 20 Yanvar 2022 3454

    20 қаңтарда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті.

    Мемлекет басшылары екіжақты күн тәртібін және өңірлік ынтымақтастықтың өзекті аспектілерін талқылады.

    Сұхбат барысында Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы саяси қарым-қатынастар қарқынды дамып, тауар айналымы артып, ынтымақтастық нығайып, өңіраралық және мәдени-гуманитарлық алмасулар жанданып келе жатқаны атап өтілді.

    Сауда-логистика, машина жасау, энергетика, ауыл шаруашылығы, химия, фармацевтика, тоқыма, тамақ өнеркәсібі және басқа да басым салалардағы бірлескен жобаларды ілгерілетуді қоса алғанда, практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.

    Шавкат Мирзияев Қазақстан Президентінің елдегі жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шараларын қолдайтынын білдірді.

    Сондай-ақ, Президенттер аймақтық қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасып, алдағы саммиттердің жоспарын талқылады.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates