Сұхбат барысында, Өзбекстан – Қазақстан стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасылды.

Сапар бағдарламасына сәйкес, ертең, 15 қараша күні, жоғары деңгейдегі келіссөздер және Жоғары мемлекеттікаралық кеңестің екінші отырысы өтеді.

Саммит аясында бірлескен жобалар іске қосылып, екіжақты құжаттардың ауқымды топтамасына қол қойылады деп күтілуде.