Қазақстан басшысы Өзбекстан басшысын Президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтап, оған жаңа табыс, гүлдену және өркендеу тіледі.
Өзбекстан-Қазақстан стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастары жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерге сәйкес дәйекті түрде дамып келе жатқаны ерекше атап өтілді. Өзара тауар айналымының көлемі артып, маңызды инвестициялық және гуманитарлық бағдарламалар жүзеге асырылуда.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша бірлескен жобаларды одан әрі ілгерілетуге ерекше назар аударылды.
Халықаралық күн тәртібіндегі және өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды. Сондай-ақ алдағы екіжақты және көпжақты іс-шаралардың жоспарлары талқыланды.