Өзбекстан мен Ресей басшылары телефон арқылы сөйлесті

    Билік 26 Aprel 2023 3340

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёевтің 26 сәуірде Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуінде практикалық ынтымақтастықты кеңейту, сауда байланыстарының қарқынын қамтамасыз ету және жетекші кәсіпорындардың кооперация жобаларын қолдау мәселелері талқыланды.

    Екі елдің басшылары осы күндері өтіп жатқан «INNOPROM. Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінің тиімді нәтижелерін атап өтті. Бұл шараға 35 елден 5 мыңнан астам бизнес өкілдері қатысуда.

    Сұхбат барысында машина жасау өнеркәсібі, темір жол көлігі, фармацевтика, химия өнеркәсібі және басқа да басым салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің маңыздылығы сөз болды.

    Өнеркәсіптік ипотека, кластерлер, индустриялық даму қоры сияқты құралдарды дамытудың озық тәжірибесін зерделеуге қызығушылық білдірілді.

    Сондай-ақ өңірлік ынтымақтастықтың өзекті аспектілері бойынша пікір алмасылды.

    Сұхбат соңында Өзбекстан Президенті Конституция бойынша алдағы референдумның Ресей Федерациясының аумағында өткізуге көрсеткен қолдауы үшін Ресей Президентіне шынайы алғысын білдірді.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates