Өзбекстан мен Ресей парламенттері жоғарғы палаталарының ынтымақтастық бойынша комиссиясының жиналысы өтті

    Олий Мажлис Сенатының бірінші орынбасары С. Сафоев басшылындағы делегация Махачкала қаласында (Дағыстан Республикасы) Ресей Федерациясы Федералдық Мәжілісі Федерация Кеңесі мен Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының ынтымақтастық бойынша комиссиясының 8-жиналысына қатысты.

    Тараптар Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Мәжілісі Федерация Кеңесі арасындағы парламентаралық қарым-қатынастардың бүгінгі жағдайы мен оны дамыту болашақтарын талқылады.

    Сондай-ақ екі ел арасында түрлі салалардағы ынтымақтастықты кеңейту жөнінде пікір алмасылды. Атап айтқанда, Комиссия мүшелері ғылым, білім және туризм салаларындағы қарым-қатынастарды нығайту және елдеріміздің осы салалардағы мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану мәселелерін талқылады.

    Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарында оқитын өзбекстандық студенттердің саны 46 мыңды құрайды, Өзбекстанда Ресейдің 14 жоғары оқу орындарының филиалы ашылған (тағы 7-еуін ашу жоспарлануда). Комиссия жиналысының қатысушылары Ресейде өзбекстандық студенттерге қолайлы жағдай жасау, елміздің азаматтары үшін Ресейдің жоғары оқу орындарына бюжеттен бөлінетін квоталар санын көбейту мәселелерін қарастырды.

    Өзбекстанда, әсіресе, ЮНЕСКО-ның түрлі тізімге енгізілген көрікті жердің көптігін есепке алып, Самарқантты мәдени астана ретіндегі ерекшелігін, Бұхара мен Хиуа қалалары да ресейлік саяхатшылар үшін тартымдылығын ескере отырып, Комиссия мүшелері туристік бағытты кеңейтуге үлкен қызығушылық танытты. Дін және мәдениеттердің ұқсастығын ескере отырып, зиярат туризмін одан әрі дамыту ұсынылды. Осыған байланысты Махачкала-Дербент-Самарқант-Бұхара бағыты бойынша «Олтин ҳалқа» туристік бағытты даярлау идеясы алға тартылды.

    Сондай-ақ іскерлік және мәдени байланыстардың дамуына, туристер ағынын арттыруға үлкен септігін тигізетін Махачкала мен Ташкент және Бұхара арасындағы әуе рейстерінің санын арттыру мәселелері де қаралды.

    Тараптар Өзбекстанда Дағыстанның белгілі халық ақыны Расул Гамзатовтың туғанына 100 жыл толуына дайындық көру және оны үстіміздегі жылдың күзінде тойлау мәселелерін талқылады.

    Қазірде Дағыстанда 8 мың жуық Өзбекстан азаматы экономиканың түрлі салаларында еңбек етуде. Дағыстан мектептерінде Өзбекстан азаматтарының 200-ден астам баласы білім алуда. Олардың құқықтарын сенімді қорғау, қолайлы жағдай жасау, еңбек пен білім алу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері де Комиссия жиналысы қатысушыларының назарында болды.

    Өзбекстанда дағыстандық жазушылардың шығармалары, сондай-ақ Дағыстанда өзбек жерінің ғұламалары мен ұлы ойшылдарының кітаптарын аудару және басып шығаруда жақсы үрдіс бар екені айтылды.

    Келіссөздер барысында Өзбекстандағы Дағыстан, Дағыстанда Өзбекстан мәдениет күндерін өткізу тәжірибесін жолға қою мәселесі талқыланды.

    Комиссия мүшелері Дағыстан мен Өзбекстан халықтары арасындағы достық рухын нығайтуға, сондай-ақ білім беру мекемелері, азаматтық қоғам институттары, сонымен қатар бірлестіктер, рухани-ағарту ұйымдары мен жұртшылық арасындағы қарым-қатынасты кеңейтуге қызмет ететін саяхат көрмелері, форумдар, фестивальдер мен тағы басқа шараларға қатысу бастамасы алға тартылды.

    Сонымен бірге, Өзбекстан мен Ресей парламенттерінің жоғарғы палаталарының конфессиялар мен ұлтаралық ынтымақтастықты нығайтудағы рөлі туралы мәселе де жиын қатысушыларының назарында болды.

    Кездесу қорытындысы бойынша Парламентаралық комиссияның келесі жиналысын Өзбекстанның тарихи қалаларының бірінде өткізу туралы келісімге келді.

    Өзбекстан делегациясының мүшелері сапар аясында Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушыларын еске алуға арналған монументтің түбіне гүл шоқтарын қойып, соғыс майданында қаза тапқан дағыстандық жауынгерлердің рухына тағзым етті, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates