Өзбекстан мен Ресей арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және жан-жақты стратегиялық серіктестік қатынастарын нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды.

Мемлекеттер басшылары бірлескен жобалар кеңсесі аясында өзара сауданы арттыру, жетекші кәсіпорындардың өндірістік кооперациясын тереңдету, басым секторларда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Осы тұрғыдан алғанда «Иннопром. Орталық Азия» халықаралық көрмесін және Өзбекстан-Ресей аймақтық форумын өткізудің маңыздылығы атап өтілді.

Сондай-ақ екі ел басшылары мәдени-гуманитарлық алмасуды жандандыру жөнінде пікір алмасып, алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралар жоспарын талқылады.