Кездесу басында Шавкат Мирзиёев Владимир Путинге жылы қабылдауы мен қонақжайлылығы үшін алғыс айтып, елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастардың қазіргі жағдайын жоғары бағалады.

Тараптар Өзбекстан мен Ресей арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың қарқындылығын атап өтті.

Осы жоғары деңгейдегі сапарға дайындық аясында бірқатар іс-шаралар, соның ішінде Үкімет басшылары деңгейіндегі бірлескен комиссияның төртінші отырысы, медициналық, ректорлар және өңірлік форумдар сәтті өткені айтылды.

Өнеркәсіптік кооперация қарқынды дамып келеді. Өзбекстанға Ресей инвестициясының көлемі артып келеді.

Президенттер өңірлер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту маңызды екенін атап өтті. 4 қазан күні Қазан қаласында өткен үшінші аймақаралық ынтымақтастық форумының қорытындысында 3,5 миллиард долларды құрайтын келісімшарттарға қол қойылды.

Өңірдегі өнеркәсіптік кооперация бойынша жыл бойына өзара сапарлар кестесін қамтитын «жол картасын» дайындау туралы келісімге қол жеткізілді.

Кездесу барысында Ресейде жұмыс істейтін Өзбекстан азаматтарына әлеуметтік кепілдіктер беру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Кеше Бүкілресейлік көрме орталығында Өзбекстанның жаңартылған павильоны ашылды.

Президенттер түрлі мазмұнға толы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жоғары бағалады. Маңызды мәдени шаралар: Мәскеуде «Лазги» ұлттық балетінің премьерасы, Өзбекстанның мәдениет күндері, ал елімізде «Ресей маусымдары» жобасы аясындағы шаралар өтті.

Мемлекет басшылары 2024-2025 жылдарға арналған мәдени ынтымақтастық бағдарламасын қабылдауға келісті.

Тараптарды қызықтыратын өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасылды.

Шынайы және достық кездесудің соңында тараптар жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін тағыда қуаттады.