Өзбекстан мен Ресей Президенттері екіжақты байланыстарды одан әрі нығайту мәселелерін талқылады

    Билік 15 Sentabr 2022 3983

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 15 қыркүйекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқандқа келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен келіссөздер жүргізді.

    Мемлекет басшысы жоғары мәртебелі мейманды жылы қарсы алып, оның ШЫҰ Самарқанд саммитіне қатысып жатқаны үшін ризашылығын білдірді.

    Владимир Путин, өз кезегінде, Шавкат Мирзияевке әдеттегідей жылы қонақжайлылығы үшін алғысын білдіріп, екі ел арасындағы барлық деңгейдегі ынтымақтастықтың қарқынды әрі тиімді дамып келе жатқанын жоғары бағалады.

    Тараптар соңғы жылдары Өзбекстан-Ресей көп қырлы серіктестігі бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілгенін атап өтті.

    Өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстар кеңейіп келеді. Бірлескен күш-жігердің арқасында соңғы жеті айда тауар айналымы екі еседен асты, ал өзара сауда 30 пайыздан жоғар өсті. Бір қызығы, екіжақты сауданың 70 пайызы қосылған құны жоғары өнімдерден тұрады.

    Өнеркәсіптік кооперация қарқынды дамып келеді. Кейінгі жылдары тау-кен металлургия, отын-энергетика, химия, ауыл шаруашылығы, машина жасау, тоқыма және басқа да салаларда 100-ден астам бірлескен жоба іске қосылды.

    Тараптар, ең алдымен, электроника, фармацевтика, тоқыма және тігін-тоқыма салаларындағы индустриялық-технологиялық әріптестікті дамыту бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын қабылдауға келісті.

    Осы сапар аясында машина жасау, химия, мұнай-химия және геология салаларында 4,6 миллиард долларға жаңа инвестициялық келісімдерге қол қойылып жатқаны айтылды.

    Ынтымақтастықты кеңейтуде өңірлер арасындағы тікелей байланыс маңызды рөл атқарады. Бірінші жартыжылдықта екі ел арасында 50-ге жуық сапарлар болды.

    Тараптар Өзбекстан облыстарында бірлескен индустриалды парктер құруға және осы жылдың қазан айында Өзбекстан мен Ресей облыстарының кезекті форумын өткізуге келісті.

    Сондай-ақ, Президенттер оқиғаға толы және ауқымды мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жоғары бағалады.

    Өзбекстан ресейлік жоғары оқу орындарының шетелдік филиалдарының саны бойынша көшбасшы болып табылады. Соңғы төрт жылда мұнда Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының 12 филиалы ашылып, жалпы саны 15-ке жетті.

    Туризм саласындағы қарым-қатынастар да белсенді дамып келеді. Биыл Ресейден Өзбекстанға келген туристер саны пандемияға дейінгі деңгеймен салыстырғанда өсті.

    Кездесуде тараптарды қызықтыратын өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасылды.

    Шынайы әрі достастық рұхта өткен кездесу соңында тараптар Өзбекстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін тағы да қуаттады.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates