Шавкат Мирзияев пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті

    Билік 24 Iyul 2022 3734

    24 шілде күні Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті.

    Сұхбат басында Ресей жетекшісі Мемлекет басшысын туған күнімен шын жүректен құттықтап, оған зор денсаулық, бақыт және Өзбекстанның тұрақты дамуы мен гүлденуі жолындағы мемлекеттік қызметінде табыс тіледі.

    Сондай-ақ Владимир Путин күні кеше Шавкат Мирзияевті достық пен екіжақты ынтымақтастықты нығайтудағы зор қызметі үшін Александр Невский орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойылғанын хабарлады. Мемлекет басшысы Ресей Президентіне Өзбекстан-Ресей стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қарым-қатынастарының қазіргі деңгейіне жоғары баға бергені және оларды одан әрі нығайтуға жан-жақты қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

    Жоғары деңгейдегі кездесулерде қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысы қаралды. Үкіметаралық деңгейде құрылған тиімді ынтымақтастық тетіктері аясында және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жоғары жылдамдығын қамтамасыз ету мен ынтымақтастықтың басым жобаларын ілгерілету мақсатында белсенді жұмысты жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

    Өзбекстан мен Ресей басшылары өңірлер арасындағы тиімді қарым-қатынастар мен алмасуларды атап өтіп, оларды одан әрі кеңейту қажеттігін сөз етті.

    Аймақтық күн тәртібіне ерекше назар аударылды. Осы жылдың қыркүйек айында Самарқандта өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысына дайындық мәселелері бойынша пікір алмасылды.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates