Өзбекстан мен Ресей Президенттері телефон арқылы сөйлесті

    Билік 16 Avgust 2022 7147

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 16 тамызда Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

    Сұхбат барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланып, өңірлік ынтымақтастық туралы пікір алмасылды.

    Жоғары деңгейдегі келісімдерді жүзеге асыруға, атап айтқанда, Өзбекстан мен Ресей аймақтары мен кәсіпкерлері деңгейінде басымдықты ынтымақтастық жобаларын ілгерілетуге ерекше назар аударылды.

    Айта кету керек, биылғы жеті айда сауда 30 пайызға артқан. Қазіргі уақытта сауда көрсеткіштерінің ұлғаюы қосылған құны жоғары өнімдердің өзара жеткізілімін арттыру есебінен қамтамасыз етілуде.

    Өңірлер арасында белсенді және тиімді алмасулар жүріп жатыр, биылғы күзде үшінші Өзбекстан - Ресей аймақтық форумын өткізу жоспарлануда. Маңызды инвестициялық жобалар мен мәдени-гуманитарлық бағдарламалар жалғасын табуда.

    Әңгімелесуде Өзбекстан мен Ресей басшылары, ең алдымен, практикалық серіктестікті нақты, сапалы мазмұнмен байыту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру арқылы елдеріміз арасындағы көп қырлы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

    Сондай-ақ алдағы екіжақты және көпжақты іс-шаралар жоспары талқыланды. Мемлекет басшылары осы жылдың қыркүйек айында Самарқанд қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін ұйымдастыру мен өткізуге ерекше назар аударды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates