Екіжақты қарым-қатынастардың күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде осы жылдың 5-7 қазанында Ресей Федерациясына жоғары деңгейдегі сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы талқыланды.
Мемлекет басшылары Өзбекстан-Ресей жан-жақты стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастары жүйелі дамып, көп салалы ынтымақтастық кеңейіп келе жатқанын атап өтті.
Өзара сауда көрсеткіштерінің өсу қарқыны сақталып, экономиканың түрлі салаларында кооперация жобалары жүзеге асырылуда, өңіраралық байланыстар дамып келеді. Күні кеше Жызақ облысында бірлесіп ұйымдастырылған ірі агрологистикалық кешен пайдалануға берілді.
Өзбекстан мен Ресей басшылары мәдени-гуманитарлық алмасудың белсенді жүріп жатқанын және денсаулық сақтау саласында бағдарламалардың жүзеге асырылып жатқанын да құптады.