Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен келіссөздер жүргізді

    Билік 9 Noyabr 2023 2382

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммиті аясында Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен келіссөздер жүргізді.

    Мемлекет басшылары екі ел арасындағы тату көршілік, стратегиялық әріптестік және одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

    Өзара сауданы арттыру, машина жасау, энергетика, электротехника, тоқыма және басқа да салалардағы ынтымақтастық жобаларын iлгерiлету жөнiнде, сонымен қатар Үкiметаралық комиссияның қызметi аясындағы үйлестiрiлген жұмысты жалғастырудың маңыздылығы атап өтілдi.

    Өңірлер арасындағы іскерлік байланыс пен мәдени-гуманитарлық алмасуды кеңейтуге ерекше назар аударылды.

    Өзбекстан мен Тәжікстан басшылары алдағы іс-шаралар жоспарын да талқылады.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates