Мемлекет басшысы Түркия басшысын Түрік мемлекеттері ұйымының тарихи саммитінің сәтті өтуімен және осы ықпалды аймақтық құрылымға төрағалық етумен тағы да құттықтады.
Президенттер өзбек-түрік стратегиялық серіктестігі мен көп қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.
Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жоғары қарқынын сақтау, тауар айналымын арттыру, екі елдің жетекші кәсіпорындары, компаниялары мен банктері арасындағы ынтымақтастықты нығайту маңызды екені айтылды.
Гуманитарлық байланыстардың жанданғаны, Өзбекстан мен Түркияда мәдени іс-шаралардың жүйелі түрде өтіп жатқаны да сөз болды.
Мемлекет басшылары сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты.