Өзбекстан мен Түркіменстан арасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік қатынастарын одан әрі дамыту және нығайту мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасылды.
Өзара сауда айналымының қарқынды өсуі, энергетика, көлік, өнеркәсіп, ауыл және су шаруашылығы салаларындағы кооперацияның кеңеюі, мекемеаралық және өңіраралық байланыстардың, іскерлік және мәдени-гуманитарлық алмасулардың жандана түскені атап өтілді.
Мемлекет басшысы биыл ақын және ойшыл Мақтымқұлы Пырағының туғанының 300 жылдығына орай жоғары деңгейде өткен халықаралық іс-шараларға ерекше тоқталды. Өзбек және түркімен киноөнер шеберлерінің көркем фильм түсіргені және бірқатар бірлескен іс-шаралар өткізгені сөз болды.
Сұхбат барысында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуіне дайындық аясында өңірлік ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Өзбекстан мен Түркіменстан басшылары алдағы іс-шаралардың жоспарын да қарастырды.