Шавкат Мирзиёев Ашхабад қаласында Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесу өткізді

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Ашхабад қаласына сапары барысында Түркімен халқының ұлттық көшбасшысы, Түркіменстан Халық Кеңесінің Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесу өткізді.

    Мемлекет басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовты ақын әрі ойшыл Махтумқұлы Пырағының 300 жылдығына арналған халықаралық форумның жоғары деңгейде өткендігімен шын жүректен құттықтады.

    Сұхбат барысында Өзбекстан мен Түркіменстан арасындағы стратегиялық әріптестік қатынастарды одан әрі кеңейту, саяси, парламентаралық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы көпжақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Өзара сауда айналымының қарқынды өсіп келе жатқаны, шекаралық сауда аймағының бірлесе құрылып жатқаны, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықтың артып келе жатқаны атап өтілді.

    Сонымен қатар, аймақаралық, іскерлік және мәдени-гуманитарлық іс-шаралар тұрақты түрде өтіп тұр.

    Екі ел басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді де талқылады.

    Алдағы жоғары деңгейдегі кездесулер жоспары да қарастырылды.

    Өзбекстан басшысы Түркімен халқының ұлттық көшбасшысына Махтумқұлының өзбек тілінде жарық көрген таңдамалы шығармалар жинағын сыйға тартты.