Мемлекет басшымыз бұл тарихи мемлекеттік сапар бауырлас елдеріміздің стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтып, жаңа белестерге шығаратынына сенім білдірді.

Келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық, көлік, су-энергетика, мәдени-гуманитарлық салалардағы бірлескен жұмыстың негізгі басымдықтары айқындалды.

Сауда-экономикалық байланыстар мен кооперацияны кеңейту маңызды бағыт ретінде атап өтілді.

Соңғы жылдары өзара тауар айналымы шамамен 2 есеге өсіп, 1 миллиард доллардан асты. Оның көлемін, ең алдымен, өзара сауда номенклатурасын кеңейту және жеткізілімдерді көбейту арқылы 2 миллиард долларға жеткізу міндеті қойылды.

Бүгін іске қосылған «Шават–Ташауыз» шекара маңы сауда аймағы бұл істе ерекше рөл атқарады. Тараптар осы тәжірибені басқа шекаралық аумақтарда, ең алдымен, «Алат–Фараб аймағында қолдануға ниетті.

Аймақтың көлік тұрғысынан өзара байланыстылығын арттыру мақсатында үкіметтерге автомобиль, теміржол және теңіз тасымалдарын дамыту, Түркіменбашы халықаралық теңіз портын бірлесіп пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.

Энергетика мәселелеріне де айрықша назар аударылды. Электр энергиясын жеткізу және транзиті бойынша ынтымақтастықты тереңдету, екі ел аумағында бірлескен жобаларды іске асыруға деген нық ұмтылыс атап өтілді.

Тараптар қоршаған ортаны қорғау және суды ұқыпты пайдалану саласында, соның ішінде Орталық Азия аймағы деңгейінде ынтымақтастықты кеңейтетін болды.

Өңіраралық байланыстар да басты бағыттардың бірі. Бұхара және Түркіменабад қалаларында өңірлер форумдары табысты өтті. Жақын күндері Хиуада екі елдің барлық облыстары қатысатын үшінші форум өтеді.

Үргеніш пен Ташкентте өткен Түркіменстан мәдениеті күндерінің сәтті ұйымдастырылғаны атап өтілді. Концерттер, театрлардың шығармашылық сапарлары, жастар мен ғалымдар форумдары, спорттық олимпиадаларды жүйелі түрде өткізуге уағдаласты.

Сондай-ақ тараптар денсаулық сақтау және медициналық ғылым саласындағы практикалық ынтымақтастықты дамытуға келісті.

Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесулері аясында аймақтық ынтымақтастықты дамытуда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілгені айтылды.

Кеше Ташкент қаласында өткен жетінші Консультативтік кездесу қорытындылары айиақтың интеграциялық үдерістер мен ынтымақтастықты нығайтуға қызмет ететініне сенім білдірілді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа да халықаралық құрылымдар аясында өзара қолдау көрсету тәжірибесін жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Қорытындысында, ынтымақтастықты қарқынды дамытуға, бауырлас елдеріміздің өркендеуі мен әл-ауқаты жолында жоғары нәтижелерге қол жеткізуге деген өзара ұмтылыс тағы бір мәрте расталды.