Өзбекстан мен Венгрия президенттері стратегиялық әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылады

    Билік 4 Oktabr 2022 4503

    Будапешт қаласындағы Шандор сарайында Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің Венгрия Президенті Каталин Новакпен кездесуі өтті.

    Кездесу басында Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды, басшылар бірге суретке түсті.

    Президенттер Өзбекстан мен Венгрия арасындағы көп қырлы стратегиялық серіктестік қатынастарын одан әрі кеңейту жөнінде пікір алмасты.

    Біздің халықтарымыздың ежелгі тарихи байланыстары, ортақ құндылықтары мен менталитеті достық қарым-қатынастарды нығайтуға негіз болатыны айтылды. Арминий Вамбери, Исхак Ибрагим сынды шығыстанушы ғалымдардың тарихи байланыстарымыз бен бай мәдени мұраларымызды зерттеуге зор үлес қосқаны ерекше атап өтілді.

    Екіжақты ынтымақтастық қарқынды дамып, саяси диалог тереңдей түсіп, өзара қолдау жалғасып, парламентаралық және қоғамдық байланыстардың кеңейіп келе жатқаны сөз болды.

    Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға басымдық берілгені айтылды. Соңғы жылдары тауар айналымының көлемі үш есеге жуық артқаны атап өтілді.

    Бұл бағыттағы жұмысты жандандыруда 3 қазанда Будапештте екінші отырысын өткізген Өзбекстан-Венгрия үкіметаралық экономикалық ынтымақтастық комиссиясы мен Өзбекстан-Венгрия Іскерлік кеңесі маңызды рөл атқаруда.

    Тараптар Өзбекстанның Еуропалық Одақтың GSP+ преференциялар жүйесіне қосылуы өзара сауданы айтарлықтай арттыру және әртараптандыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

    Өзбекстан-Венгрия ынтымақтастығын дамытуда мәдени-гуманитарлық саланың орны ерекше. Венгрия үкіметінің «Хунгарикум» бағдарламасы аясында өзбекстандық студенттер мен докторанттарға жыл сайынғы квотаны 170-ке дейін арттыру туралы шешім қабылдағаны айтылды.

    Өзбекстан және Венгрия жоғары оқу орындары ректорларының екінші форумын өткізудің мақсатқа сай екендігі көрсетілді.

    Мемлекет басшылары халықаралық және өңірлік маңызы бар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, көпжақты құрылымдар аясында белсенді диалог пен өзара көмекті жалғастыру мәселелерін талқылады.

    Кездесу соңында Өзбекстан Президенті Венгрия Президентін өзіне қолайлы уақытта Өзбекстанға келуге шақырды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates