Үстіміздегі жылдың 16-18 май күндері Самарқант қаласында акционерлері 71 мемлекет, сондай-ақ Еуропа Одағы мен Еуропа инвестициялық банкі болған ETДБ Басқарушылар кеңесінің жылдық жиналысы өтеді.
Шараға 2000-ға жуық шетелдік үкімет өкілдері, трансұлттық корпорациялардың басшылары, халықаралық қаржы институттары мен банктердің басшылары, экономика, инвестиция, қаржы және технологиялар саласындағы сарапшылар, шетелдік БАҚ өкілдері қатысады деп күтілуде.
Шара барысында әлем экономикасында байқалатын тенденциялар талқыланады, сондай-ақ Банк тәжірибесі мен қаржылық қызметіне қатысты институционалдық мәселелер қарастырылады. Жиналыс аясында халықаралық іскер топ өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өтеді.
Ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Өзбекстан Республикасы Президенті Администрациясының басшысы Сардор Умурзаков бұл іс-шараны өткізу орны ретінде еліміздің таңдалуы Өзбекстанның ETДБ үшін серіктес ел ретіндегі маңыздылығымен байланысты екенін айтты. Банкпен көпқырлы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқаны, сондай-ақ ETДБ акционерлері Өзбекстанның кең ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырудағы нәтижелерінің мойындағанын көрсетеді деп атап өтті.
Халықаралық іскерлер аясында Өзбекстанның беделін одан әрі нығайтуі, еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру, халықаралық қаржы институттарымен және ұйымдарымен өзара ынтымақтастықты тереңдету тұрғысынан бұл шараны жоғары деңгейде өткізудің маңыздылығы атап өтілді.
Жиналыс барысында үлкен шараға дайындық істерінің бүгінгі жағдайы зерделеніп, оны ұйымдастыруға қатысты мәселелердің шешімі пысықталып, алдағы Жиналыстың күн тәртібі жан-жақты талқыланып, жауапты министрліктер мен кеңселердің өзара ынтымақтастық жасау алгоритмдері белгіленді.
Шара қорытындысы бойынша жауапты басшыларға жиналыстың іскерлік бағдарламасын қалыптастыру, қала инфрақұрылымын дайындау, шетелдік делегация өкілдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ресми және бейресми шараларды ұйымдастыру бойынша мекендік тапсырмалар берілді.