Өзбекстанда экобелсенділер үшін жеңілдіктер жоспарлануда

    Отбасының кәмелетке толған барлық мүшелері «Экобелсенді азамат» мәртебесін алғанда, осы отбасына «жасыл отбасы» мәртебесі және оларға әр жылы лотерея арқылы 14 электромобиль беру көзделуде.

    Өзбекстанда «Экобелсенді азамат» өмір салтын кеңінен насихаттауға бағытталған «Бір миллион жасыл отбасы» жалпыұлттық қозғалысын жолға қою жоспарлануда.

    Бұл туралы 2025 жылға арналған мемлекеттік бағдарлама жобасында қарастырылған.

    Жобаға сәйкес, 2025 жылы халықтың денсаулығын жақсарту, экологиялық өмір салтын қалыптастыру және адам әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасауда халықтың күнделікті өміріне экологиялық қағидаттарды сіңдіруді мақсат еткен.

    Оның негізгі қағидаттары ретінде мыналар белгіленді:

    тұрғындар арасында күнделікті жүру мен жүгіруді насихаттау;

    «жасыл көлікті», сонымен қатар велосипедте жүруді ынталандыру;

    пластикалық бұйымдарды пайдалануды азайту;

    азық-түлік ысырабының алдын алу;

    су, газ және электр энергия ресурстарын тиімді пайдалану;

    Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі мен Цифрлық технологиялар министрлігі 2025 жылдың 1 июніне дейін «Бір миллион жасыл отбасы» жалпыұлттық қозғалысы аясында төмендегілерді көздейтін платформаны іске қосады:

    бір тәулік барысында кемінде 10 мың қадам жүруді насихаттау;

    жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген тұлғаларға «Эко-белсенді азамат» мәртебесін беру және оларға мемлекеттік қызметтерді пайдалануда 10 пайыздық жеңілдіктер және мемлекеттік үлесі 50 пайыздан астам банктерде тұтынушылық несиелер алуда жеңілдіктер беру;

    отбасының кәмелетке толған барлық мүшелері «Экобелсенді азамат» мәртебесін алған кезде осы отбасына «жасыл отбасы» мәртебесін беру және оларға жыл сайын лотерея арқылы 14 электромобиль беру;

    халықтың жартысы «жасыл отбасы» мәртебесін алған махаллаларда «Ең таза махалла» және «Ең жасыл махалла» байқауларын өткізу және жеңімпаз болған махаллалар қорына балалар алаңын салу, жасыл бақ жарату және қоқыс жинауға 500 миллион сум бөлу.

    Осы пункіттің сөзсіз, сапалы және дер кезінде орындалуын қамтамасыз етуге жауаптылар етіп Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрі Азиз Абдухакимов, Қарақалпақстан Республикасы Министрлер кеңесінің төрағасы, облыстар мен Ташкент қаласының әкімдеріне белгіленеді.