Салыстыру үшін бұл көрсеткіш Қазақстанда 6,1 пайыз, Қырғызстанда 6,2 пайыз, Молдова мен Беларусьта — 5,1 пайыз, Арменияда— 5,1 пайыз, Әзербайжанда болса 4,9 пайызды құрайды. Осылайша, Өзбекстан бұл көрсеткіш бойынша көршілес және кейбір Еуропа елдеріне қарағанда жоғары көрсеткішке ие.
Есеп-қисап бойынша елімізде әр 2 минут сайын 1 неке, сағат сайын 31 неке, күн сайын 743 неке тіркеледі.
Жалпы некенің 136 713-і (50,3%) қалаларда, 135 063-і (49,7%) ауылдық жерлерде тіркелген.
Некенің ең жоғары көрсеткіші Қашқадария (8,1 пайыз), Хорезм (8,1 пайыз) және Сұрхандария (8,0 пайыз) облыстарына тура келуде.
Аудандар мен қалалар кесімінде төмендегілер көш бастап тұр:
Шайхонтохур (10,8 пайыз)
Бектемір (9,5 пайыз)
Сіргелі (9,3 пайыз)
Терміз (9,3 пайыз)
Көкдала (9,2 пайыз)
Бандихон (9,0 пайыз)
Сух (9,0 пайыз)
Некенің ең төменгі көрсеткіші келесі аймақтарда байқалды:
Тамды (3,2 пайыз), Мойнақ (4,7 пайыз), Ахангарон (4,8 пайыз), Қараөзақ (4,8 пайыз), Шоманай (5,0 пайыз) және Үшқұдық (5,0 пайыз).
