Салыстыру үшін бұл көрсеткіш Қазақстанда 6,1 пайыз, Қырғызстанда 6,2 пайыз, Молдова мен Беларусьта — 5,1 пайыз, Арменияда— 5,1 пайыз, Әзербайжанда болса 4,9 пайызды құрайды. Осылайша, Өзбекстан бұл көрсеткіш бойынша көршілес және кейбір Еуропа елдеріне қарағанда жоғары көрсеткішке ие.

Есеп-қисап бойынша  елімізде әр 2 минут сайын 1 неке, сағат сайын 31 неке, күн сайын 743 неке тіркеледі.

Жалпы некенің 136 713-і (50,3%) қалаларда, 135 063-і (49,7%) ауылдық жерлерде тіркелген.

Некенің ең жоғары көрсеткіші Қашқадария (8,1 пайыз), Хорезм (8,1 пайыз) және Сұрхандария (8,0 пайыз) облыстарына тура келуде.

Аудандар мен қалалар кесімінде төмендегілер көш бастап тұр:

Шайхонтохур (10,8 пайыз)

Бектемір (9,5 пайыз)

Сіргелі (9,3 пайыз)

Терміз (9,3 пайыз)

Көкдала (9,2 пайыз)

Бандихон (9,0 пайыз)

Сух (9,0 пайыз)

Некенің ең төменгі көрсеткіші келесі аймақтарда байқалды:

Тамды (3,2 пайыз), Мойнақ (4,7 пайыз), Ахангарон (4,8 пайыз), Қараөзақ (4,8 пайыз), Шоманай (5,0 пайыз) және Үшқұдық (5,0 пайыз).