Бұл жоба «BMB Trade Group» (Өзбекстан) мен «FIN.OPERA s.r.l.» (Италия) компаниялары арасында шафран және басқа да дәрілік өсімдіктерді өсіру, өнеркәсіптік өңдеу және экспорттау бойынша қол қойылған меморандум аясында 3 жыл бойы жүргізіліп келеді.
Қазірде Италияның Брешиа қаласынан Өзбекстанға 16 миллионнан астам шафран пиязы әкелінді. Осылайша шафран алқабының ауданы 305 гектарға жетіп, жобаға тартылған инвестиция көлемі 40,4 миллион еуроға жетті. Сондай-ақ 400 тұрақты және 4 мыңнан астам маусымдық жұмыс орындары ашылды.
Өзбекстанда өсірілетін шафран бірінші сұрыпты сапа белгісіне ие. Өнім Еуропа және Азия елдеріне экспортталады. «BMB TRADE GROUP» компаниясының Бақылау кеңесінің төрағасы Бекзод Маматқұловтың айтуынша, бірқатар сертификаттау үдерістері мен тексерулердің нәтижесінде Өзбекстан шафранының АҚШ базарына шығуына рұқсат етілгенін айтты, деп хабарлайды «Дунё» АА.