Шавкат Мирзияев Сума Чакрабартиді қабылдады

    Билік 4 Iyul 2022 6466

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 4 шілдеде экономикалық дамыту, тиімді басқару және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі Сума Чакрабартиді қабылдады.

    Кездесуде Жаңа Өзбекстанның 2022-2026 жылдарға арналған даму стратегиясы аясында елімізде экономикалық реформаларды жалғастыру және олардың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

    Кеңесші Чакрабарти Өзбекстан жетекшісінің басшылығымен жүзеге асырылып жатқан кең ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформалар бағдарламасын, оның ішінде экономиканың маңызды секторларын жаңғырту және бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қоғамның барлық салаларын трансформациялау және цифрландыру, инвестиция мен бизнес ортаны жетілдіру, кадрлардың жаңа буынын даярлаудағы өзгерістерді жоғары бағалады.

    Кездесуде республикада жүргізіліп жатқан жаңартуларды сапалық жағынан жаңа деңгейге шығаруға Өзбекстанда басталған және демократиялық қағидалар мен құқықтық нормаларға сай, конституциялық құрылыстың озық ұлттық және халықаралық тәжірибесіне негізделген конституциялық реформаның қызмет ететіні атап өтілді.

    Сума Чакрабарти Өзбекстан үкіметіне жаңа өсу нүктелерін табуға және жүзеге асыруға көмектесу үшін бар күш-жігерін жұмсауға дайын екенін білдірді.

    Еске салар болсақ, Сума Чакрабарти Өзбекстан Президентінің кеңесшісі болып тағайындалғанға дейін Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті лауазымында сегіз жыл жұмыс істеген.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates