Шавкат Мирзияев Сума Чакрабартиді қабылдады

    Билік 20 Sentabr 2022 5900

    20 қыркүйекте Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев экономиканы дамыту, тиімді басқару және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі Сума Чакрабартиді қабылдады.

    Жиында Өзбекстандағы экономикалық және басқару реформасы аясында қол жеткізілген нәтижелер мен осыған байланысты алдағы жоспарлар қарастырылды.

    Кеңесші Чакрабарти Өзбекстан басшысын Шанхай ынтымақтастық ұйымының Самарқанд саммитінің сәтті аяқталуымен құттықтап, Шавкат Мирзияев тарапынан алға қойған ортақ қауіпсіздік пен өркендеу жолындағы Самарқанд ынтымақтастығы бастамасын жоғары бағалады.

    Мемлекет басшысы басым бағыттар бойынша жаңартуларды бірлесіп дайындау және кейіннен енгізу үдерісін жалғастыру қажеттігін атап өтті. Олардың қатарында экономиканың маңызды секторларын жаңғырту және бәсекеге қабілеттілігін арттыру, мемлекеттік басқаруды трансформациялау және тиімділігін арттыру, қоғам өмірінің барлық аспектілерін цифрландыру, қолайлы инвестициялық және бизнес-ортаны құру, жаңа кадрларды даярлау бар.

    Сума Чакрабарти осы мәселелерде Өзбекстан Үкіметіне белсенді түрде көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

    Еске салар болсақ, Сума Чакрабарти Өзбекстан Президентінің кеңесшісі болып тағайындалғанға дейін Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті болып сегіз жыл жұмыс істеген.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates