Аталған заң жобасымен «Несиелік ақпарат алмасуы туралы» заңға жеке тұлғалардың олармен несиелік келісімдерді жасасуға тыйым салуды белгілеу және оны алып тастауға деген құқықтарын, оларды Несие келісімін жасауға тыйым салынған тұлғалар реестріне енгізіудің тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ несие ақпаратынан пайдаланушылардың белгіленген тыйымды бұзған түрде несие келісімін жасағандығы үшін жаупкершілік белгіленуін көздейтін өзгерістер мен қосымшалар енгізілуде.
Мәжілісте заң жобасын екінші оқылымға әзірлеу барысында жауапты комитетпен белгілі істер атқарылғаны, сонымен қатар жобалардағы несие бюроларға қатысты Орталық банк тарапынан қолданылатын шаралар мен санкциялар, Орталық банктің несие бюроларының қызметін реттеуге қатысты құқықтық нормаларға редакциялық және нақтылаушы түзетулер енгізілгені айтылды.
Халық өкілдерінің пікірінше, заң жобасының қабылдануы азаматтардың атына хабарсыз несиелерді тіркеу және ұсынылған ақша қаржыларын игеру жағдайының алдын алу және несие бюролары қызметінің құқықтық негіздерін жетілдіруге қызмет етеді.
Заң жобасын депутаттар үшінші оқылымда мақұлдады.