Өзбекстанда жыл бойы құлпынай өсірудің Корея технологиясы жүзеге асырылады

    Агросектор 25 Avgust 2022 1354

    2022 жылдың 22 авгусында Өзбекстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде Корея ауылдық бірлестік корпорациясының (KRC), Азық-түлік, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы мен балықшылық салаларында білімді дамыту және ақпарат қызметі бойынша Корея агенттігінің (EPIS) өкілдерімен кездесу өтті.

    Тараптар қолданыстағы және жоспарланған біріккен жобалар аясында ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

    Кездесуде Өзбекстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен EPIS арасында жаңа жобаны бастау туралы келісімге қол қойылды. «Жыл бойына құлпынай өсірудің заманауи корея технологияларын енгізу» атты осы жоба Корея Республикасы Үкіметінің дамуы бойынша ресми көмегі (ODA) бағытында ұсынылған гранттық қаражаты есебінен қаржыландырылады.

    Сонымен қатар, жоба ауыл әйелдерінің экономикалық мүмкіндіктерін пайдалануды жақсартуға және сол арқылы олардың табысы мен отбасылық кірісін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

    Құны 3,7 миллион доллар болатын жоба 2026 жылдың декабрь айына дейін жүзеге асырылады.

    Осы мақсатта Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Агроқызметтер көрсету орталығының (АКІS) (Ташкент облысы, Жоғарышыршық ауданы) аумағында күн батареяларына жұмыс істейтін іұлпынай өсіретін заманалық жылыжай құрылады. Сонымен қатар, кореялық мамандар көшеттер үшін жылыжай мен жоғары сапалы құлпынай көшеттерін өсіру бойынша in vitro зертханасы салынып, жабдықталмақ.

    Жоба барысында жыл сайын құлпынай өсіруші мамандардың өзара іс-сапарлары ұйымдастырылып, тәжірибе алмасу және біліктіліктерін арттыру көзделуде, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.